Коронавирус жұқтырғандар «Қара жорғаға» биледі

13.02.2020 20:03

Осылайша Бахаргүл Төлеген есімді қазақ дәрігері науқастардың үміт отын жағуды көздеген

Кадры из видео: Sputnik Казахстан

Жүректен жүрекке жылулық. Қытайдың Ухань қаласындағы ауруханада коронавирус жұқтырған науқастарға Синьцзяньдық медицина қызметкерлерін басқарған Бахаргүл Төлеген есімді қазақ дәрігері көмекке келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Еліміздің ақ халатты абзал жаны ауруханадағы вирусты жұқтырған науқастардың журектерінде үміт отын жағу мақсатында түрлі әуендер ырғағында би билетіп, көңілдерін көтерді. Видеоға түсіп қалған бұл оқиға әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыға түсуде. Әсіресе, қытайлықтардың «Қара жорға» әніне билегендері желі пайдаланушыларын тіпті сүйсіндірді.