Қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерді қандай қолдау көрсетіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Ол туралы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысына мал азығын дайындау мақсатында қосымша 5,3 млрд теңге бөлу мәселесі шешімін тапты. Ол туралы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Оның сөзінше құрғақшылықтан ең көп зардап шеккен Маңғыстау және Қызылорда облыстарына жем-шөп сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеуге Үкімет резервінен 3,8 млрд теңге бөлінді. Ал, жалпы елімізде 19,7 млн тонна шөп дайындалыпты.

«Сонымен қатар, жем-шөп дайындау проблемаларын шешуге жергілікті бюджеттен 9,1 млрд теңге бөлінді. Қосымша тағы 4,5 млрд теңге бөлу күтіліп отыр. Зардап шеккен өңірлдердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің несиелері бойынша қарыздарын ұзарту және қайта қарау туралы шешім жасалып, өтінімдерді қабылдау басталды. Облыстарда азық дайындау көлемін барынша арттыру бойынша шаралар кешені іске асырылып отыр. Өңірлерге мал азығын дайындау мақсатында қосымша 43,1 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев.

Ал, астықты аймақтарда жаппай егін жинау тамыздың үшінші онкүндігінен басталады. Қуаңшылыққа қарамастан Үкіметтегілер экспорттық әлеует жоғары деңгейде қалады деп болжам жасап отыр. 

«Биылғы егін жинау науқаны уақытында басталды. Бүгінгі күні республика бойынша барлығы 1,5 миллион гектарға жуық дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе көрсетілген облыстардағы жалпы егін жинау алаңының 14 пайызы жиналды. Орташа түсімділік гектарына 10,1 центнер құрап, 1,5 млн тонна астық бастырылды. Астық егумен айналысатын негізгі аймақтар жаппай егін жинауды осы айдың үшінші онкүндігінен бастайды», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев.

Новости партнеров