Қандай сусындардан мүлде бас тарту керек – диетолог кеңесі

08.05.2022 20:04

Ең пайдалы сусын – жаңа сығылған апельсин, ал егер оны тұтас жесе, пайдасы тіпті зор болады

CC0 / bridgesward

Диетолог Антон Поляков қандай сусындарды мүлде ішпеу керектігін айтты. Ол қатерлі аурулардан сақтану үшін пакеттегі шырындардан, газдалған, тәтті алкогольді сусындардан бас тартуға кеңес берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

"Пакеттелген шырындарды рационнан мүлде алып тастау керек. Оның құрамында қант, хош иістендіргіш және консерванттардан басқа ештеңе жоқ. 100% шырын деп жазғанымен, сонша жеміс өсірмейді. Егер қатты қаласаңыз, апельсинді сығып, соны ішіңіз. Ал егер оны тұтас жесеңіз, пайдасы тіпті зор болады", - деді Антон Поляков.

Ол түрлі энергетиктер мен қант қосылған алкогольді сусындардан, коктейльдерден бас тартуға кеңес берді. Олардың кесірінен ұйқы безіне екі есе тез зақым келеді, екінші типті қант диабеті мен реактивті панкреатитке шалдығу қатері артады.

"Кез келген тәтті газдалған сусын бірнеше себепке байланысты организм үшін зиянды. Газдалған сусындардан адамның тәбеті ашылып, көп ішіп-жей бастайды",– деп атап өтті диетолог.

Оның айтуынша, бұл артық салмақ пен семіздікке әкеп соғады. Сонымен қатар, газдалған сусынды көп ішу қатерлі ауруларға шалдықтырады.