|
21.12.2019 | 15:04
5090

«Мен қазақпын»: Патриоттық челлендж Еуропа төріне жетті

Қазақстанның Брюссельдегі елшілігі еліміздің Тәуелсіздік күнінен арналған челленджге қолдау көрсетті

«Мен қазақпын»: Патриоттық челлендж Еуропа төріне жетті

Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі еліміздің Тәуелсіздігіне арналған «Мен қазақпын» челленджіне қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның Брюссельдегі елшілігі еліміздің Тәуелсіздік күнінен арналған челленджге қолдау көрсетеді. Бүгінгі күні барынша танымалдыққа ие болып отырған патриоттық қазақ әнін Елшілік қызметкерінің ұлы Темірланның орындауында қарсы алыңыздар», - деп жазды елшілік Facebook-тегі ресми парақшасында.

Елшіліктің әлеуметтік желісінде жария етілген видеодан қазақтың ұлттық киімін киген Темірланның «Мен қазақпын» әнін жан-тәнімен беріліп айтқанын байқауға болады.

Айта кетсек, Қуандық Рақымның «Мен қазақпын» әнін 2018 жылдың 7 мамырында Қарулы күштердің 3 мың сарбазы жауынгерлік парад кезінде шырқаған еді. Бұл туындының сөзін ақын Нұржан Өмірбай, ал әнін Жарасхан Төлебай есімді жас композитор жазған. Ән авторы Жарасқан Төлебайдың айтуынша, «Мен қазақпын» әні кейінгі буын өкілдерінің шетел музыкасына еліктеуі өршіп бара жатқан уақытта, елдің рухын оятатын қазақ әні жат елдің даңғазасына тойтарыс болсын деген мақсатта туындаған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен қазақпын» патриоттық әнін орындайтын челленджді қолдады.

«Өте жақсы бастама! Қолдаймын! Бұл ән халықтың рухын көтеріп, патриотизмді арттыру үшін кең ауқымда дәріптелсе орынды болар еді. Осындай дүниелер елді бірлікке шақырады», - деп жазады Мемлекет басшысы twitter парақшасында.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир