|
19.01.2023 | 15:04
1684

Алматы қаласының Бас жоспарына қатысты қоғамдық тыңдау қашан өтеді

Бұл туралы қала әкімі Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты

Алматы қаласының Бас жоспарына қатысты қоғамдық тыңдау қашан өтеді almatygenplan.kz

Алматы қаласының Бас жоспарына қатысты қоғамдық тыңдау өтеді. Бұл туралы қала әкімі Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты деп, хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында Алатау ауданының тұрғыны үйді бұзу мәселесіне қатысты сұрақ қойды.

«Мәдениет шағынауданда тұрамын. Үйім №196 мектептің жанында. Өткен жылдан бері үйді бұзу мәселесі шешілмеген», – деді Алатау ауданы тұрғыны

«Келесі аптада 25-27 қаңтар аралығында 2040 жылға дейін Бас жоспардың жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді. Онда шешімдер ұсынылады. Мен сізді жобамен жеке танысуға шақырамын. Құжатта Мәдениет шағынауданы мәселесі де көрсетілген. Алатау ауданының әкіміне ауданның белсенді тұрғындарын тыңдауға шақыруға тапсырма беремін», – деді Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир