Бұл ереже көлік жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған жүргізушілерге де қатысты
Алматыда рұқсаты өткен қаруды сақтаудың және алып жүрудің тиісті мерзімін 10 шілдеге дейін ұзартуға болады, деп хабарлайды Almaty.tv Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, төтенше жағдай кезінде қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттың мерзімі өткен азаматтық қару иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 486-бабына сәйкес осы жылдың 10 шілдесіне дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды», - делінген хабарламада.
Жоғарыда көрсетілген күнге дейін бұл құжатты ұзартуға болады. Бұл ереже көлік жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған жүргізушілерге де қатысты.
Электрондық цифрлық қолтаңбамен еGov электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды алмастыруға болады.