Абай облысындағы өртке байланысты Ильин, Сүлейменова және Ұранхаевтан жауап алынады - Бас прокуратура

14.06.2023 20:06

Өртке қатысты екі қылмыстық іс қозғалған

Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Абай облысындағы алапат өртке байланысты бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі мен Экология министрі жауапқа алынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Юрий Ильин, Зульфия Сүлейменова мен облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қылмыстық іс бойынша тергелмек. Әзірге олардың әрекетіне нақты баға берілмеген. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты. Оның ақпарынша, өртке қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Бас прокуратура тергеу жұмыстарын бастап кетті. «Министрлер мен әкімнен бастап, басшының барлығы қызметіне салғырт қараған, әрекеті қайғылы оқиғаға себеп болған лауазымды тұлғалар анықталады» деді құзырлы орган өкілі.

«Қазір тергеу тобы Абай облысындағы өрт болған жерде жұмысын бастап кетті. Бұл іс тікелей Бас прокурордың бақылауында. Өрт салдарын ескеріп, қоршаған ортаға зиянын ескере отырып, ең бастысы, 14 азаматтың қызметтік борышын өтеу барысында қаза болуға байланысты қызметіне немқұрайлы қарау бабымен қосымша іс қозғадық», – дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Оқи отырыңыз: Атырауда ағайындылар Жайық өзеніне батып кетті