Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 31 миллион теңге төленеді

Almaty.tv
Almaty.tv
Осы айда резервтен ақша бөлініп, үй иелерінің шотына аударылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 31 миллион теңге төленеді. Арнайы комиссия апаттан келтірілген залалды зерттеп, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылында жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Нәтижесінде 11 үйдің тұрғынына 31 миллион теңге төленетін болды. Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаевтың айтуынша, осы айда резервтен ақша бөлініп, аталған сома үй иелерінің шотына аударылады. Енді тұрғындар баспанасын қалпына келтіруі керек. Еске салайық, 17 наурызда Қаратал ауылының тұрғындары қауіпті аймақтан көшірілген болатын. Ол кезде Ойыл өзені арнасынан асып, топырақтан жасалған қоршауды бұзып кеткен еді.

Оұи отырыңыз: Тілсіз жау: Қостанай облысында ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Новости партнеров