Ол астананы дамыту үшін біраз жылдар бойы еңбек еткенін айтты
Астана күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік қайраткері Ғани Қасымов Қазақстанның бас қаласы туралы естеліктері мен оның өркендеуіне қосқан үлесі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Ғасырлар тоғысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұрақты астанасын таңдау туралы шешім қабылдады. Бұл мәселе Үкіметтің барлық деңгейлерінде ұзақ уақыт талқыланып, мамандар мен тұрғындар да өз ойларын қосты. Ол кезде Елбасының шешімі тұтас жүзжылдықтар белесінде, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер кезінде өте маңызды саяси шешім болатын. Сол кезде бұл шешімнің дұрыстығына сенген адамдар да, скептиктер де болды. Бірақ қазіргі кезде Қазақстанның астанасы Нұр-сұлтан қаласының жарық жұлдыздай жарқырап тұрғанын көріп отырмыз. Менің ойымша, біздің қала астана күнін жоғары деңгейде атап өтеді. Алматылықтар астананы көшіру мемлекетіміздің стратегиялық, геосаяси мүддесі екенін түсінді», ‒ деді Ғ. Қасымов.
Ғ. Қасымов қала тұрғындарының мемлекеттік жүйе үшін негізгі кадрлық құрам құрғанын, астананы дамыту үшін біраз жылдар бойы еңбек еткенін айтты.