Көлеңкелі алаяқтық схемалар тіркелсе жолы кесіледі
Елге келіп жатқан ресейліктерге құжат рәсімдеу, банк карталары ашу сынды қызмет ұсынып жатқан түрлі чаттарға қатысты Ішкі Істер Министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желіге толықтай мониторинг жүргізіліп жатыр деген Марат Ахметжанов жағдайдың бақылауда екенін айтты.
«Барлық әлеуметтік желі, басқа да ресурстарға мониторинг жүргізіліп жатыр. Осы жерде бір нәрсені атап өту керек. Қазақстанда бәрі заңнамамен айқын реттелген. ЖСН алу да, сырттан келушілердің құзырлы органдарға хабар беру тәртібі де Заңнамада нақты көрсетілген. Сондықтан еріктілер немесе басқа да тұлғалар шет елден келген азаматтарға көмектесіп, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатса, біз оларға шектеу қоя алмаймыз. Дей тұрғанмен, қандай да бір көлеңкелі алаяқтық схемалар тіркелсе, әрине, жолы кесіледі», – деді ҚР ІІМ Марат Ахметжанов.