Атырауда жергілікті полиция қызметінің басшылары қоластындағылардан пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Олар қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, қарамағындағылардан жалпы қамқорлығы үшін пара бопсалап, сондай-ақ оларға сыйақыларының 50 пайызын төлеуге мәжбүр еткен.
"Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Атырау қалалық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары және бөлімше бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Биыл 19 маусымда Атырау қаласы № 2 сотының үкімімен Жұмашев және Балтаев түрлі айыппұлға байланысты сотталды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және осы уақытқа дейін алған атақтарынан айрылды.