Сауда орталықтарындағы мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді

17.09.2020 21:29

Фудкорттардың ашылуына әзірге рұқсат жоқ

almaty.tv

Сауда орталықтарындағы мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігерінің 16 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, сауда үйлерінде орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қайта жанданатын болады. Бірақ, бұл қаулы тек кейбір нысандарға қатысты болып отыр. Яғни, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы тамақтану орындары жекеленген, әрі жабық болуы тиіс. Сондай-ақ, онда 50-ден артық адамды қабылдауға және қоғамдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Ал, фудкорттардың ашылуына әзірге рұқсат жоқ.