Терезеден құлай жаздаған баланы құтқарған азаматты Ішкі істер министрі марапаттады

07.08.2019 20:06

Әжетханаға қамалып қалған бозбала терезеден шығуға әрекет жасаған

«Бейбіт күннің батыры». Шешенстандағы биік ғимараттың бірінде құлауға шақ қалған баланы аман алып қалған азаматты ел осылай атап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оқиға Грозный қаласындағы кеңселердің бірінде болған. Әжетханаға кіріп, есігі құлыпталып қалған соң бозбала терезеден шығуға әрекет жасаған көрінеді. Оны көшедегі адамдар бірден байқап көмек сұраған. Бейнекадрда құтқарушылар қатарлас тұрған терезеден шығып жас баланы аман алып қалғанын байқауға болады.

Ал, бейбіт күннің батырын Шешенстанның ішкі істер министрі марапаттады.