Өскемендік әйелдің «бір түрлі» қылығы камераға түсіп қалды (видео)
Орталықтың қызметкерлері бейтаныс әйелді іздеп тауып, іс-әрекетінің себебін түсіндіруді талап етпек
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өскеменде белгісіз әйел адамның қаладағы мекемелердің бірінде оғаш қылығы бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Оқиға 13 ақпан күні болған. Облыстық достық үйіндегі ішкі бақылау камераларына түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде таралып жатыр. Бейнежазба авторлары «бір түрлі» әйелдің кіреберіс есіктің табалдырығынан 40 рет қайталап аттағанын айтады. Бұдан кейін ол түсініксіз сөздер айтып түкіріп, асығыс кетіп қалған.
Орталықтың қызметкерлері бейтаныс әйелді іздеп тауып, іс-әрекетінің себебін түсіндіруді талап етпекші. Осы мақсатта бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялаған екен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10