Абайдың қара сөздері украин тіліне аударылды

21.07.2020 в 20:07

Әзірше 500 данамен жарық көрген жинақ Ұлттық кітапхана мен мұражайларға жеткізілмек

Қазақтың Ұлы ақыны – Абайдың қара сөздері украин тіліне аударылып, арнайы жинақ болып жарияланды. Іс шараны – осы елдегі Қазақстан елшілігі ұйымдастырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Кітап тұсаукесері – Украинаның Черкасс өңіріндегі, Канев қаласында өтті. Абайдың қара сөздерін украина тіліне – филология ғылымдарының докторы – Николай Васькив аударған.

«Ақын өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт бітімі, тұрмысы, дүниетанымы мен мінезі тамаша көрініс тапқан»,– деп таңқалады аудармашы. 

«Ең бастысы, қазақ ойшылынының терең пайымы Украина халқына да қаратып айтылғандай»,– дейді автор. 

Әзірше 500 данамен жарық көрген жинақ  Ұлттық кітапхана мен мұражайларға жеткізілмек.  

Теги: жинақ Абай