|
07.07.2023 | 15:07
687

Қостанай облысында адасып кеткен тұрғын табылды

Ол үш күн бұрын жоғалып кеткен

Қостанай облысында адасып кеткен тұрғын табылды Polisia.kz

Қостанай облысының полицейлері далада адасып кеткен ауыл тұрғынын іздеп тапты, – деп хабарлайды Almaty.tv.

Адасып кеткен Алтынсарин ауылының тұрғыны жоғалғаннан тура үш күн өткен соң өз туған күнінде табылды. Қамысты ауданының полиция бөліміне “Алтынсарино” ЖШС бригадасының басқарушысы дала тұрағында күзетшісінің жоғалып кеткені туралы хабарламамен жүгінді.

Ер адам түнде жұмыс орнынан кетіп, далада адасып кетуі мүмкін деген болжам болды. Дереу полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарымен және ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын бастады. Үш күн бойы олар даланың әр жерін қарады. Арнайы техниканы, соның ішінде дронды қолданды. Іздеу барысында жоғалған күзетші даладағы шағын су қоймасының жанынан тірі және зардап шекпеген күйінде табылды. 

– Сол түнде ер адам өзін нашар сезініп, медициналық көмекті күтпеу үшін ауылға өз бетінше жетуге шешім қабылдағаны белгілі болды. Бірақ қараңғыда ер адам бағдарын жоғалтып алды. Әлсіреген ол жақын маңдағы су қоймасына жеткенше даланы аралап жүрді. Сол жерден оны іздеу тобы тапты, – деді Қамысты аудандық полиция бөлімінің ЖКБ жедел уәкілі Николай Василий.

 Қазіргі уақытта Алтынсарин ауылы тұрғынына аудандық ауруханада медициналық көмек көрсетілуде. Өйткені ағза күйзеліске ұшырап, шаршаған. Енді өміріне қауіп жоқ. Осы уақыт ішінде ер адамның туыстары да іздеу шараларына қатысты. Табылған күзетшінің ұлы “Алтынсарино” ЖШС директорының орынбасары Асхат Әбіловке, №3 бригада басқарушысы Максим Маевскийге, аудан полицейлеріне және ТЖ қызметкерлеріне, әкесін іздеуге көмектескендердің барлығына шын жүректен алғысын білдіреді.

Дереккөз: Polisia.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир