Алматыда 1 наурызда сирена іске қосылады

28.02.2023 20:08

Сондай-ақ сейсмикалық жаттығулар жүргізілетін болады

Almaty.tv

Ертең дүниежүзілік азаматтық қорғау күніне орай сирена іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!

♦️2023 жылғы 1 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:10 шамасында республикалық құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеріледі.

♦️Оқу-жаттығу тексеруі электр дабылдарын қосу арқылы теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы арқылы құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізілгені туралы халыққа хабарлайды.

♦️Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқау алу үшін оқып шығу керек.

♦️Барлық ересек адамдар өздері үрейге берілмей, балаларға  сиренаның дыбысы - «Баршаның назарыңа!» дабылы екендігін түсіндіру қажет. Подъезд және тұрғылықты жері бойынша көршілерге хабарлаңыз. Олар берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін.

♦️ Кез келген дүрбелең мен қауесетті дереу тоқтатыңыз.

♦️Осыған байланысты, Департамент Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын сабыр сақтауға шақырады!  

♦️Сонымен қатар, сиреналар дабыл дыбыстарын іске қосқан кезде білім беру мекемелерде, адамдардың жаппай жиналатын орындарда, сондай-ақ ғимараттардан адамдарды алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, объектілік сейсмикалық жаттығулар жүргізілетін болады.