Панфилов ауданының тұрғыны дүниеге екі қыз және бір ұл бала алып келді
Алматы облысында үшем дүниеге келді, деп хабарлады Almaty.tv.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Панфилов ауданының тұрғыны 29 жастағы Гунчигул Мухамет дүниеге салмағы 2145 гр және 1470 гр екі қыз бал және салмағы 2050 гр ұл бала келді.
Сәбилер жүктіліктің 34 аптасында туды.
"Анасына кесарь тілігі жасалды. Оларды перзентханада екі апта бойы бақылауда ұстадық. Үшемдер Тайиповтар отбасының тұңғыштары. Қазір үшемдердің де, анасының да жағдайы бірқалыпты", – деді Алматы көпсалалы клиникалық аурухананың директоры Эльмира Ахметова.
Панфилов аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Марат Әбдіғалымов үшемге қажетті медициналық көмек көрсетілетінін айтты.
"Үшемдердің күтіміне орта медицина қызметкерлері көмек көрсетеді. Учаскелік дәрігер балалардың денсаулығын бақылауда ұстайды. Сонымен қатар үшемдерді балаларға арналған тамақпен қамтамасыз ететін боламыз", – деді бас дәрігер.