|
15.05.2019 | 15:08
1831

Нұр-Сұлтанда автобус 6 жасар баланың басын қысып қалды

Оқиға 13 мамырда №18 бағыттағы автобуста болған

Нұр-Сұлтанда автобус 6 жасар баланың басын қысып қалды

Нұр-Сұлтан қаласында автобустың есігі жабылғанда, 6 жасар баланың басы қысылып қалған. Анасының айтуынша, баланың бетінде есіктің ізі қалып, құлағы қызарып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға 13 мамырда сағат кешкі 20.00 шамасында №18 бағыттағы автобуста болған.

«Медицина орталығы» аялдамасына келіп жеткен автобус ережеге сәйкес, жолаушыларды алдыңғы есіктен мінгізген. Артынша ортаңғы және артқы есіктерін ашып, бірден жауыпты. Сол кезде анасы мен ұлы артқы есіктен шығып бара жатқан. Алайда бала сыртқа шығып үлгермей, есіктердің ортасына басы қысылып қалған. Жолаушылардың барлығы жабылып балаға көмектескен.

Алайда анасының айтуынша, жүргізуші есікті жауып, кешірім сұраудың орнына, автобусты айдап кетіп қалған. Әйел нөмірін жаттап алып, арызданыпты.

Өз кезегінде «Астана LRT» компаниясының баспасөз хатшысы Әлия Жарқымбекова жүргізушінің жұмысынан шеттетілгенін мәлімдеді.

«Жүргізуші Мағзұмов 17 мамыр күні өтетін тәртіптік кеңеске шақырылды. Жауабын береміз», - дейді Жарқымбаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир