Елімізде баспана бағасы қаншаға қымбаттады

08.08.2022 21:01

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы шілдеде тұрғын үй нарығында баға өзгергені туралы хабарлады

novostroy.kz

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы шілдеде тұрғын үй нарығында баға өзгергені туралы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Бір жылда (былтырғы және биылғы шілдені салыстырғанда) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы - 26,4 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,6 пайызға өсті. Тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғымен салыстырғанда 2022 жылғы шілдеде 20,8 пайызға артты", - делінген хабарламада.

Өңірлер бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық мәнде:

Ақтөбе қаласында - 32,5 пайызға,

Нұр-Сұлтанда - 27,6 пайызға,

Өскеменде 26,1 пайызға қымбаттады.

Қолданыстағы үйлерді қайта сату нарығында көш бастап тұрған қалалар:

Қызылорда (44 пайыз),

Өскемен (43,7 пайыз),

Талдықорған (43,4 пайыз)

Нұр-Сұлтан (41,3 пайыз),

Тұрғын үйді жалға алу нарығында - Алматы қаласы (47,2 пайыз).

"Бір айдың ішінде (2022 жылғы шілде мен маусымды салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары - 0,8 пайызға, жаңа тұрғын үйді сату 0,5 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде 0,4 пайызға жоғарылады", - делінген хабарламада.