Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына барды. Ақпаратты Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі @almatyapat Telegram каналына сілтеме жасап.
«Президенттің Алматыға барғанын растаймыз. Алматыда Мемлекет басшысы жедел штабтың отырысына қатысты. Сондай-ақ Президенті Алматыдағы трагедия кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері, әскерилердің отбасыларына барып, көңіл айтып, наградалар табыс етті», – деді Берік Уәли.