Жетісу облысының құтқарушылары туристерге көмекке келді

07.07.2024 20:09

Оқиға Қора шатқалында болған

МЧС

Ескелді ауданындағы Қора шатқалында Текелі қаласынан 28 шақырым жерде ТЖМ құтқарушылары екі ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай олар жол талғамайтын көлікпен өзеннен өту кезінде оларды қатты су ағысы алып кетті.

Құтқарылғандардың барлығы Текелі қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!

Оқи отырыңыз: Оқыс оқиға: мегаполисте кәуапхана өртенді