Полицейлер Теміртаудағы балалар үйінен қашып кеткен екі жасөспірімді тапты

04.12.2019 20:09

Полицейлер олардың неліктен қашқанын анықтап жатыр

Полицейлер Теміртаудағы балалар үйінен қашып кеткен екі жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қыздар табылды. Олардың жағдайы жақсы, дені сау, өміріне еш қауіп жоқ. Полицейлер олардың неліктен қашқанын анықтап жатыр», - делінген Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.  

Осыған дейін Теміртаудағы балалар үйінен екі жасөспірім қашып кеткені хабарланған. Мәліметті өңірлік ПД өкілдері растады. Полицейлер таратқан нұсқамаға қарағанда, балалар үйінен 2003 және 2006 жылғы екі қыз қашқан.