Бүгін сот отырысы небәрі 20 минутқа созылды
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін сот отырысы небәрі 20 минутқа созылды. Бұған Бақытгүл Хаменованың айыптау актісінің көшірмесін алмауы себеп болған.
Бұған дейін Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс сотқа жеткенін хабарлаған едік.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесінің 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен.