Жұмысшылардың айтуынша, бірқазан ұшып кетпек болған, бірақ үлгермеген
Маңғыстауда вахта жұмысшылары кен орнынан бірқазанды тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жұмысшылардың айтуынша, олар бірқазанды бүгін, 23 қазанда таңертең №6 жол бойында кен орнындағы ғимараттың маңынан тапқан.
"Алғашында құс қатты қорықты. Бірте-бірте үйреніп қалатын шығар. Әлі жем беріп үлгерген жоқпыз", - дейді мұнайшылар.
Жұмысшылардың айтуынша, бірқазан ұшып кетпек болған, бірақ үлгермеген. Олар құстың қанаты сынған болуы мүмкін дейді.