Балалық шаққа саяхат: мектеп бітірген түлектер 30 жылдық тойды ерекше атап өтті

31.07.2024 20:11

Желіде қызу талқыланып жатыр

Видеодан кадр

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылында мектеп бітірген түлектердің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Тик-Ток желісінде тараған видеода тоқсаныншы жылдардағы мектеп формасын киген сыныптастар ләңгі ойнайды. Асық атып, сальто айналады. Қыздар мак аталған ойынды ойнап, мәз-мейрам болады. Соңында бәрі қосылып билейді.

Желіде осы видео көп талқыланып, оң пікір қалдырып жатқандар көп.

- Біз де солай өткіземіз, – деп те идея алғандар бар.

Осынау керемет кешті сыныптың старостасы ұйымдастырыпты. Оның зайыбы да – өз сыныптасы.

- 47 жастағы апай қалай сальто жасады, – деп тамсанады кейбір адамдар.

- Балалық шаққа саяхат деген осындай болады, - дейді тағы бірі.

- 40 жылдықта да осылай бастарың қосылсын, - деп тілек білдірді желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:Youth Nomads: базар қызметкерлері арасында жарыс өтті