Тоғыз жасар баланы ата-ана құқығынан айырылған анасы ұрлап кеткен
Нұр-Сұлтанда сенбі күні жоғалып кеткен 9 жастағы бала Қостанай облысындағы Ұзынкөл ауданының Речное елді мекенінен табылды, деп хабарлайды өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында учаскелік инспектор Асылбек Молдағалиев баламен жүрген бейтаныс әйелді байқап қалған.
«Полицей әйелдің кімге келгенін сұраған. Сасып қалған ол сөзінен жаңылып, өзін басқа атпен таныстырған. Құжаттарын тексеру кезінде әйелдің Нұр-Сұлтаннан келгені анықалады және ол баласына ешқандай құжат көрсете алмайды», – делінген хабарламада.
Содан әйелдің іс-әрекетінен күдіктенген полиция ақпараттық жүйе арқылы кәмелетке толмаған бала мен әйелдің деректерін тексеріп, баланың із-түзсіз жоғалғандардың қатарында екенін, ал анасының ата-ана құғынан айырылғанын анықтаған.
Полицейлер баланы заңды өкіліне – әкесіне қайтарды.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от NUR SULTAN | ASTANA | АСТАНА (@v_astane_official)29 Май 2019 в 6:51 PDT