Көрмеге әр өңірдің жинақталған әйелдер киімі қойылған
«Киімнің киелісі – кимешек». Дәл осындай атаумен еліміздің Мемлекеттік орталық музейі көрермен назарына мұражай қорындағы Қазақстанның әр өңірінен жинақталған әйелдер кимешектері мен зергерлік бұйымдарынан көрме ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің тамырын сақтап, болашақ ұрпақтың рухани, мәдени кеңістігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған экспозиция қазан айының 20-ына дейін жалғасады,
«Әр өңірге тән кимешектер бар. Қазір осы күннің өзінде зерттеп жатса, тағы шығуы мүмкін. Солтүстік пен оңтүстік кимешегінде аздап айырмашылық бар», – деді Мемлекеттік орталық музейдің Антропология және этнология бөлімінің ғылыми қызметкері Бейбітқали Қақабаев.