|
20.03.2023 | 15:12
1863

Сайлауда 100-ден астам жас кандидатқа қолдау көрсетілді

«Жастар үні» блогының мақсаты – үгіт-насихат емес, халыққа таныстыру, билікке келуге үмітті буынға қолдау көрсету

Сайлауда 100-ден астам жас кандидатқа қолдау көрсетілді Almaty.tv

Сайлауда 100-ден астам жас кандидатқа қолдау көрсетілді. Саяси науқан қарсаңында құрылған «Жастар үні» блогы Мәжіліс және мәслихат депутаттығына додаға түскен жастарға ақпараттық бағытта көмек көрсетті, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Бастама ұйымдастырушыларының сөзінше, блог құрылған алғашқы күннен бастап әр өңірден жастар хабарласып,  республикалық деңгейде қолдау сұраған. Бастамашыл топ өкілдері жас кандидаттарды көпшілікке таныстырып отырған. Мақсат – үгіт-насихат емес, халыққа таныстыру, билікке келуге үмітті буынға қолдау көрсету.

«Хабарласқан 100-ден астам жас кандидатқа қолдау көрсеттік. Әсіресе, өңірдегі жастар республикалық деңгейде қолдау керегін айтты. «Сайлауға берген өтінішті алыңыз, біздің өз кандидаттарымыз бар» деген сияқты қысым болғанын айтты», – деді «Жастар үні» блогының ұйымдастырушысы Ақбөпе Тәңірберген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир