Алматы тұрғыны Маркава Тұрсынбекова Almaty Business 2025 мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алды
Алматы тұрғыны Маркава Тұрсынбекова Almaty Business 2025 мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алды, кәсіпкерлер бұл бағдарлама арқылы жылдық 2% және 6%-дық жеңілдетілген несие ала алады. Кәсіпкерге 7 жұмыс орнын ұсына отырып, кофеханасы бар шағын маркет ашуға, 7 жұмыс орнын ашуға 25 млн теңге несие берілді, деп хабарлайды Almaty.tv
«Мен жаңа форматтағы минимаркет ашуды шештім, қазіргі стильдегі дизайнымен және саудаға заманауи көзқараспен, жаңашаландыруды қарастырдым. Ең алдымен дүкеннің дизайнын, клиентке ыңғайлы тауарларды орналастыру мен көрсетуді қолға алдым. Мен осы тұрғын үй кешенінің тұрғындары мен салынып жатқан үйдің жанындағы жұмысшылар, инженерлер таңертеңнен бастап ыстық кофеден дәм татуы үшін кіреберісте кофе аймағын жасадым. Бізде 100% арабика және сусынның керемет дәмі әлемдік стандарттардан кем емес. Біз үзіліссіз және демалыс күндері таңғы 8-ден соңғы клиентке дейін жұмыс жасаймыз. Жұмыс істеп жатқанымызға бір ай ғана болды, бірақ қазірдің өзінде көптеген жаңа идеялар мен жоспарлар бар. Олар маған Алматы үшін әдемі, жайлы және жаңа екенін айтқанда, мен қатты қуанамын», - дейді «Ohana» шағын маркетінің иесі Маркава Тұрсынбекова.
Кофеханасы бар минимаркеттің ауданы - 150 шаршы метр, азық-түлік, сусындар, көкөністер мен жемістер, тұрмыстық химия, үй тауарлары үшін аймақтар бар.
«Кәсіпорын ашу үшін жеке қаражаттан бөлек, қосымша қаражат қажет болды. Сауда саласында жеңілдетілген несиелеудің аймақтық бағдарламалары бар екенін білдім. Qoldaý орталығында маған барынша көмек көрсетілді: олар маған бизнес-жоспар жасауға көмектесті, біз оны бірге жасадық, тауардың барлық баптарын, сегменттерді, бөлімдерді және т.б. қарап шықтық. Бағдарлама бойынша 25 миллион теңге алдым, оның 15 млн теңгесін негізгі қорларға, сөрелерге, коммерциялық және тоңазытқыш жабдықтарын алуға қолдандым, 10 млн теңгені айналым қаражатына, өнім сатып алуға жұмсадым. Жөндеу, үй-жайдың дизайны, желдету, кондиционерлеу, санитарлық тораптар өз қаражаты есебінен жүргізілді. Маған 6 айға, ақпанға дейін демалыс берілді. Әрі қарай айына 600 мың теңгеден төлей бастаймын, бұл өтеу үшін мүмкін болатын сома, өйткені түсім өсуде, біз бұған өте қуаныштымыз», - деп бөлісті кәсіпкер.
Алдағы уақытта Марқава Тұрсынбекова «ДКБ-2025» бағдарламасы бойынша 2-5 миллион теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант байқауына қатысып, жартылай фабрикаттарды өндіруді жоспарлап отыр. Осы уақытта ол сапа сертификаттары бар сенімді кондитерлік өнімдермен, наубайханалармен және басқа да өнім жеткізушілермен жұмыс істейді.
Almaty Business 2025 бағдарламасының шарттары бойынша Алматы қаласының кәсіпкерлеріне 500 000-нан 58 340 000 теңгеге дейін, сыйақы мөлшерлемелері 2% (көп балалы аз қамтылған отбасылар, I және II топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және өнеркәсіптік парктердің резиденттері үшін) және 6% (қарыз алушылардың барлық басқа санаттары үшін), 3 жылға дейін (айналым қаражатын толықтыруға) және 7 жылға дейін (негізгі қаражатқа) кредит беру мерзімімен беріледі.