Алматыда пробация есебінде тұрған азаматтар жұмыспен қамтылып жатыр

20.06.2022 20:13

Алатау ауданында бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 87 адамға жолдама берілді

Almaty.tv

Алматыда пробация есебінде тұрған азаматтар жұмыспен қамтылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілішіс.

Алатау ауданында өткен бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 87 адамға жолдама берілді. Оған 19 кәсіпорын мен ұйымдар қатысты. Шараны өткізудегі мақсат – пробациялық бақылауда жүрген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету.

«Қазір есепте 520 адам тұр. Олардың 80 пайызы жәрмеңкеге қатысты. Бақылаудағы азматтардың дұрыс жолға түсуіне ықпал ету мақсатында осы шараны ұйымдастырдық. Жұмыс нәтижелі болады деп сенемін», – деді Алатау ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Айбар Қазезов.

«Өзімнің негізгі мамандығым – дәнекерлеуші. Сол бойынша жұмыс таптым. Алла қаласа жұмысқа шығамыз деген ойдамыз», – деді Әділ Иманғалиев.