Алматылық Мұхаммед-Әли Қанатбек әлемнің үздік оқу орындарынан шақырту алды

21.04.2021 20:13

Оқу қыркүйекте офлайн-форматта басталады

tengrinews.kz

Алматы қаласының 12-сынып оқушысы Мұхаммед-Әли Қанатбек Фордем университетінен, Дрексель университетінен, Гонконг баптист университетінен және Британ Колумбия университетінен шақырту алды. Бұл дүние жүзіндегі үздік оқу орындарының бірі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мұхаммед-Әли Назарбаев Зияткерлік мектебінде физика-математика бағытында білім алып жатыр. Ол ұлыбританиялық Колумбия университетінің (әлемде 34-орын) Karen Mckellininternational Leaders of Tomorrow (KMILOT) Award стипендиясының 33 иегерінің бірі атанды. Профессорлардың үздік құрамы, жұмысқа орналасудың жоғары деңгейі, жеке жобаларды дамыту әлеуеті - осының бәрі Ұлыбританиялық Колумбия университетінде жасалған жағдай. Сондықтан зияткер дәл осы университетте оқуға шешім қабылдаған. Оқу қыркүйекте офлайн-форматта басталады.

«Оканагандағы кампусты таңдау себебім - «бизнес және менеджмент» мамандығы сәйкес келді. Одан бөлек, профессорлармен тікелей жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Оқуға түсуде кәсіби бағдар берген Бағжан Азаматқызы үлкен роль атқарды, сол үшін оған алғысым шексіз. Егер дайындықты алдын ала, 2-3 жыл бұрын бастамасаңыз, онда тұрған ештеңе жоқ. Бастысы – ниет пен ұмтылыс. Сонымен қатар, егер бағаларыңыз нашар болса, оқуға түсу мүмкін емес деп ойламаңыз», –  деді Мұхаммед-Әли.