|
21.05.2019 | 15:13
1433

Халық коммунистері Қызылорда автобус паркінің ұжымымен кездесті

Халық коммунистері Қызылорда автобус паркінің ұжымымен кездесті https://knpk.kz/kz/component/phocagallery/category/6-vse-foto

Коммунистік идеология жиі сынға ұшырайды. Дегенмен, тарихи қателіктерді ескерген қазіргі коммунистер халық сенімін ақтауға мүдделі. Кандидат Жамбыл Ахметбековтың өкілдері Қызылорда да  автобус паркінің еңбек ұжымымен кездесті. Олар сайлауалды бағдарламаны баяндап, жұмысшылардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Сайлауалды бағдарламаның бір бағыты – Батыстың ықпалынан бас тарту. Қазіргі таңда көп жағымсыз нәрсе сол жақтан келіп жатыр. Әсіресе, интернеттен, әлеуметтк желіден. Сондықтан бұл жерде өз ұстанымымызға берік болып, дәстүрімізді сақтағанымыз дұрыс», – дейді ҚКХП-ның Қызылорда облыстық штабының жетекшісі Талғат ТЕЛЕУБАЕВ.

450-ден астам адам еңбек ететін кәсіпорын қызметкерлері партия бағдарламасымен танысып, сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ өздері де осы кездесуде жалақыны көтеру, баспанамен қамту сынды мәселелерді көтерді. Еңбек адамының мүддесі әрдайым партия назарында екеніне тоқталған белсенділер тобы, бұл бағыттағы жүйелі жұмысты жалғастыратынын баса айтты.  

«Қазақстан Коммунистік партиясының бүгінгі мәселесі – Батыс мемлекеттеріне еліктемей, өзіміздің салт-дәстүрімізді сақтап, балаларға үйрету керектігін үндеу», – деді Қызылорда автобус паркінің бас инженері Сайлаухан ПОСТАНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир