Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 қылмыскерді іздестіріп жатыр

09.01.2020 20:13

Қазақстандық 65 парақордың 33-і шетелде жүр екен

Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттер тобына мүше болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Олжас Бектенов осының арқасында парақорларды жылдам елге экстрадициялауға септігін тигізетінін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бектенов Қазақстанның ГРЕКО ұйымына мүше болып кірген 50-мемлекет екенін айтты. Бұл еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының еуропалық стандарттарға сәйкестігіне тұрақты мониторинг жүргізуді көздейді.

«Іздеуде жүрген, шетелде қашып жүрген қылмыскерлерді экстрадициялау мүмкіндігі жоғарылайды және заңсыз иеленген актив қайтарылады. Жалпы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бүгінде 65 қылмыскерді іздестіріп жатыр. Олардың 33-і шетелде. Осы бағыттағы жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр», - деді Бектенов ОКҚ брифингінде.


Теги: шетел