БҚО әкімі: KKS-Sicim жұмысшыларының жалақыны көбейту жайлы талабы орынсыз

17.01.2023 20:14

Әкім қызметкерлерінің айтуынша талап орынсыз

orda.kz

Жалақыларын 50 пайызға көтерсін деп шеруге шыққан қызметкерлердің мәселесіне еңбек министрлігінің мамандары араласатын болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ККС- Sicim компаниясының 500 жұмысшысы айлықты осы қаңтар айынан бастап көтерсін деген еді. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтен осы мәселе қатысты тілшілер сұрақ қойды.  

«Үкімет тарапынан біздің Еңбек қорғау министрлігі сол жерге барып, егжей-тегжейлі қарап, нәтижесін айтатын боламыз. Өңір әкімдігі қазір ақпарат беру керек. Кімнің талабы заңды болса, соны қарау керек деп есептейміз», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов.

Бүгін Үкімет отырысына келген БҚО-ның әкімі Нариман Төреғалиев мұнайшылардың ереуілге шығуына қатысты пікір білдірді. Әкім қызметкерлерінің айтуынша талап орынсыз. Себебі барлығы келісім-шартта тайға таңба басқандай көрсетілген дейді.

«Екі ортада біріншіден ұжымдық келісімшарт бар. Оның сыртында жұмыс беруші мен жұмысшының ортасында келісімшарт бар. Сондықтан да келісімшарттарда қаралған екі жақтың алған міндеттемеде жалақыны 50 пайызға немесе 100 пайыз көтеру жоқ», – деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.