|
01.12.2019 | 15:14
2843

Елімізде Нұрсұлтан есімді қанша қыз бала бар?

2016 жылы 136 балаға ғана Нұрсұлтан аты қойылған

Елімізде Нұрсұлтан есімді қанша қыз бала бар?

Қазақстанда Елбасының 18 076 аттасы бар. Оның ішінде 1617-сі Нұр-Сұлтанда тұрады, деп хабарлайды Елорда Инфо.  

Ұлттық экономика министрлігі, Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылы 41 шақалақ Нұрсұлтан деп аталыпты. Бұл - 2015 жылмен салыстырғанда бес есе аз. Себебі 2015 жылы 205 бүлдіршінге Нұрсұлтан есімі қойылған екен. Бұған Елбасының 2015 жылдың 29 сәуіріндегі инауграциясы себеп болған көрінеді.

2016 жылы 136 балаға ғана Нұрсұлтан аты қойылған. 2017 жылы - 104, 2018 жылы - 67. Ал ел астанасының атауы өзгертілгелі бері Нұрсұлтандардың қатары 28 адамға көбейген.

Қазір әлемде өз балаларына ерекше есім беру немесе қосарланған ат қою жаңа үрдіске айналып барады. Ал ұл балаға да, қыз балаға да келетін есімдер ешқашан ескірмейді. Мысалы, ұл балаларда Әйгерім, Салтанат есімдері кездесіп жатса, Арман, Бағдат, Жанат секілді аттар қыз балаларға да қойылады екен.  Бір қызығы, Қазақстанда қыздарға да Елбасының аты қойылыпты. Республикамызда бес Нұрсұлтан және екі Нұрсұлтана есімді қыз бар. Ол статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда аты-жөні Нұрсұлтан Назарбаев болып жазылған 56 адам тұрады екен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир