11 мамырға дейін карантинді созу дұрыс шешім деп ойлаймын - Қалижанов
ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, публицист Уәлихан Қалижанов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға жолдаған үндеуіне байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«11 мамырға дейін карантинді созу дұрыс шешім деп ойлаймын. Өйткені, індет өзінің шарықтау шегіне жетіп қалды деп айтылып жатыр. Осыған байланысты Мемлекет басшысы тиісті халықты әлеуметтік жағынан қорғау мәселелері жайын ойдағыдай шешуге қаржы бөлінгендігін айтып жатыр, ол орындалып жатыр. Осының бәрі сайып келген кезде, мемлекетіміздегі атқарылып жатқан шаралардың дұрыс бағытта өрбігендігін көрсетеді. Шұғыл шараларды қабылдауды қажет етті. Күрделі мәселелер шешілді. Ауруханалар салынды. Дәрігерлерге материалдық және моральдық қолдау көрсетілді», – деді У. Қалижанов.