Жанат Құрманов «БЖЗҚ» АҚ төрағасы болды

01.04.2019 20:14

Нұрбүбі Наурызбаеваның орнына ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жанат Құрманов келді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ басқарма төрағасы ауысты, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі. 

Нұрбүбі Наурызбаеваның орнына ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жанат Құрманов келді. 2017 жылдың қаңтарынан бері Зейнетақы қорын Нұрбүбі Наурызбаева басқарып келген болатын. Директорлар кеңесінің шешімімен оның уәкілеттігі тоқтатылды.