Ә. Қосановтың аймақтардағы штабы шалғайдағы ауылдарға дейін бармақ ниетте

Ә. Қосановтың аймақтардағы штабы шалғайдағы ауылдарға дейін бармақ ниетте
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың аймақтардағы штабы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Кандидаттың өзі жуырда барып, тұрғындарымен кездескен Қарағанды қаласында оның өкілдері енді үнпарақ таратуды қолға алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұдан бөлек, әр азамат үміткердің облыс орталығындағы штабында саяси бағдарламамен танысып, көкейінде жүрген сауалдарға жауап алды.  Жергілікті штаб өкілдері бұл жиынмен шектелмей, ел ішінде үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді қолға алған.  Бұл іске еріктілер мен белсенді жастар тартылды.        

«Әміржан Қосановтың штабына келіп, бағдарламасымен таныстым. Жалпы бағдарлама мемлекетіміздің алға жылжып, өсіп-өркендеуіне бағытталған. Енді 9 маусым күні өзімнің таңдауымды жасаймын», – дейді қала тұрғыны Саят РАҚЫМОВ.

«Президенттікке үміткер Әміржан Қосановтың бағдарламасын шолып шықтым. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерде, ғаламтор кеңістігінде өзге де кандидаттарды бақылап отырамын», – деді Серік ҚОШАНОВ.

Жергілікті штаб өкілдерінің мақсаты – барынша көп адамды бағдарлама жайлы ақпаратпен қамтып, үгіттеу жұмыстарының аясын кеңейту. Ол үшін Арқаның шалғайдағы ауылдарына барып, Әміржан Қосанов ұстанған бағыттарын жеткізу жоспарда бар. Бұдан бөлек, саяси науқан аяталғанша аймақта тағы бірнеше шара ұйымдастыру көзделіп отыр.

Новости партнеров