Жамбыл Ахметбеков мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай туғызу керектігін айтты

Жамбыл Ахметбеков мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай туғызу керектігін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мүмкіндігі шектеулі жандарға несие алуға жеңілдік беріп, олардың кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау керек.  Сыр өңірінің «Талсуат» оңалту орталығына барған кандидат  Жамбыл Ахметбеков осындай бастама көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мүгедектерге арналған оңалту орталығы 150  орынға шақталған. Онда келушілерге медициналық қызметпен қатар, 7 бағыт бойынша әлеуметтік көмек көрсетіледі. Емделушілер бос уақытында дене шынықтырумен айналысып, сурет салады. Сыр өңіріне келген Коммунистік партия кандидаты орталықты аралап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды сайлау бағдарламасымен таныстырды.

«Жалпы Қазақстанда тек жалақыны ғана көтерумен шектелмей,  мүгедектердің несие алуына жеңілдік жасалуы керек. Біз олардың кәсіпкерлікпен айналысуына, бизнес ашуына мүмкіндік туғызуымыз керек», –  деді Президенттікке үміткер Жамбыл АХМЕТБЕКОВ.

«Медицинаны дамытса екен деймін. Сосын бізге аяқты қозғалтатын күшті аппараттар алып берсе...»  деген тілек білдірді емделушілердің бірі Бауыржан ҚҰЛЫНОВ.

Кездесу соңында Қазақстан Президенттігіне үміткер емделушілердің сұрақтарына жауап беріп, партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндірді. Жиын мекеме қызметкерлері ұйымдастырған шағын концертпен аяқталды.

Новости партнеров