|
24.05.2023 | 15:15
917

Алматыда әскери журналистер бас қосты

Бүгін басталған шеберлік сабақ 3 күнге дейін жалғаспақ

Алматыда әскери журналистер бас қосты Almaty.tv

Алматыда еліміздің әр өңірінен келген әскери журналистер бас қосты. Мақсат – олардың кәсіби шеберлігін дамыту, шығармашылық тәжірибе алмасу, деп хабарлайды Almaty.tv.

Игі бастаманы Ұлттық ұлан бас қолбасшылығының мамандары ұйымдастырып отыр. Жиын кезінде ақпаратты жедел тарату мен қауіпсіздік тақырыбы кеңінен талқыланды. Мамандардың біліктілігін арттыру курсы 2 жылда бір рет өткізіледі екен. Биыл Алматы таңдалған. Бүгін басталған шеберлік сағаты 3 күнге дейін жалғаспақ.

– Қара шаңырақтың профессорлары, мамандары әскери журналистерге сабақ береді. Әскери журналистика соңғы уақытта дамып келе жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарына міндетті түрде әскери өмірдің тыныс-тіршілігін жариялап отырамыз, – деді ҚР Ұлттық ұланы «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналының бас редакторы Ерболат Сұлтанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир