Күдіктіні 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын
Алматыдағы InterContinental қонақүйінде қызын өлтірген күдікті ер адам 41 жастағы Ұлыбритания азаматы болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін, күдіктіні 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын.
Еске салайық, 24 қазан күні ер адам бір жарым жасар қызын ұрып-соғып, мерт қылды. Алғашында ол перзентін буындырып өлтіргендігі туралы хабар тараған еді.
Алматы қалалық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, аталмыш факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
ҚР ҚК-нің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.