Орталықтың құрылысына мемлекеттен 135 миллион теңге бөлінген
Жамбыл облысында 135 миллион теңге жұмсалып, мемлекет қаржысына ашылған «Жамбыл» көтерме-сауда орталығы қаңырап бос тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мақтаулы жоба тұңғыш рет аймақта 2019 жылы басталған. Сол жылы «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жеке кәсіпкермен бірігіп 450 миллион теңгеге қойма салады. Жоба бойынша қаржының 30 пайызы мемлекеттен бөлініп, қалғанын инвестор салған. Сөйтіп 10 мың тонна болатын қойма бой көтеріп, қажетті құрылғылар мен мұздатқыштар сатып алынған. Тіпті таза су алатын ұңғымасы да қазылған. Жоспар бойынша орталық егістік еккен шағын шаруашылықтарды қолдауы керек. Бірақ жоба 2020 жылдан бері қолданылмай тұр. Нысан облыс орталығынан 12 шақырым жерде болғандықтан, бірде-бір фермер өнімін сақтауға өткізбеген. Жауапты мекеме өкілдері жобаға салған қаржыны қайтарып алмақ.
– Шыны керек, нәтиже күттік. 2020 жылы іске аспады. Келер жылы да мүмкіндік бердік. Жұмсалған қаражат пайда әкелуі керек. Сондықтан «Дамдес» агромен бірігіп, сататын болдық, – деді «Тараз» ӘКК» АҚ басқарушы директоры Еркін Жылысбек.
Оқи отырыңыз: Ақтауда алимент төлемеген әке бас бостандығынан айырылды