Қазақстанда көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы көлемі бекітілді

14.05.2020 20:16

Құжат балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ көп балалы аналарға қолдау көрсету мақсатында әзірленген

ашық дереккөз

Қазақстанда сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға төленетін жәрдемақы көлемі бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл шешім мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойғаннан кейін күшіне енді. Заңға сәйкес жаңа мөлшерлеме: 8 баласы бар отбасыларға 84 832 теңге, 9 балаға 95 436 теңге, 10 балаға - 106 000 теңге. Сонымен қатар, кейінгі балаларға төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақша қосылып отырады. 

Ал, бұған дейін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға 42 мыңнан 74 мың теңгеге дейін мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған болатын. Құжат балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ көп балалы аналарға қолдау көрсету мақсатында әзірленген.

8 және одан көп баласы бар отбасыларға тағайындалған мемлекеттік жәрдемақы:

8 балаға –  84 832 теңге

9 балаға – 95 436 теңге

10 балаға –  106 000 теңге

кейінгі балаларға 11 112 теңгеден қосыла береді

4 және одан көп баласы бар отбасыларға тағайындалған мемлекеттік жәрдемақы:

4 балаға –  42 496 теңге

5 балаға – 53 127 теңге

6 балаға –  63 757 теңге

7 және одан көп балаға – 74 388 теңге