Қыз 31 қазаннан бастап Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Мадимар ауылында болған
Жамбыл облысында жоғалған оқушы қыз табылды, деп хабарлайды Тengrinews.kz Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2 қарашда Жамбыл облыстық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында жоғалып кеткен 2002 жылғы Доқтырбай Асылжан Манатқызы табылды", - делінген хабарламада.
Қыз 31 қазаннан бастап Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Мадимар ауылында болған. Қазіргі уақытта ол ата-анасына қайтарылды.