Таспиховтың өкілдері еңбек өнімділігі мен тұрақты жалақы жайлы талқылады

24.05.2019 20:16

Облыста соңғы бір жылда 90 нан астам жазатайым жағдай болып, 43 адам жарақаттанса, 6 адам көз жұмған

Еңбек қауіпсіздігін сақтай отырып, өнімділікті арттыру – бүгінгінің басты талабы. Қазір әрбір кәсіпорын қолмен істелетін жұмысты робот технологияға көшіретін уақыт жетті. Сонда ғана өндірісте болатын  жазатайым жағдайлар азайып, қауіпсіздік артады. Ел Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Батыс  Қазақстан облысындағы сайлаушылармен кездесуінде еліміздегі еңбек өнімділігі мен қауіпсіздік туралы істеліп жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Негізгі міндет еңбек ақының уақытылы берілуі жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті қадағалау. Облыста соңғы бір жылда 90 нан аса жазатайым жағдай болып,  43 адам жарақаттанса, 6 адам көз жұмған.

«Кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасында еңбек қауіпсіздігі,  жұмыс берушілерге талап қою мәселелелері  толық қамтылған. Бұл талаптар барлық  жұмыс орындарына сәйкес», – дейді Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Бауыржан АТАУОВ.

«Тағы үлкен мәселе – білімді қызметкерлердің лайық жұмыс таба алмай, басқа жаққа кетіп жатқаны. Кәсіпорында жұмыс орындары бос қалып жатыр, ол да  – біздің уайымымыз. Және де жас мамандар даярлау да  – өз алдына үлкен бір мәселе. Біздің айтып тұрғанымыз кәсіби техникалық оқу орындарында дайындау мамандарды тегін даярлау мәселесі», – деді  Республикалық салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мейірболат ЖАҚЫПОВ.