Барлық құтқару жұмыстары Президенттің тікелей бақылауында
Қазір Премьер-Министр Олжас Бектенов және вице-премьерлер су тасқынан зардап шеккен өңірлерді аралап жүр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.
- Премьер-Министрдің басшылығымен республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа үндеуінде.
Президенттің айтуынша, су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурс тартылды.
- Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы, - дейді Мемлекет басшысы.
Бүгін Мемлекет басшысы елдегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты халыққа үндеу жолдады.
Оқи отырыңыз: Жалған ақпараттар таратпау қажет: Тоқаев блогерлерге үндеу жасады