|
25.02.2021 | 15:16
3515

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалауда көмек көрсетуде

Таңнан бері қаланы қардан тазарту жұмыстарына 1653 жол жұмысшысы, 653 техника бірлігі, оның ішінде 205 құмлақтырғыш жұмылдырылды

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалауда көмек көрсетуде

Қалаға қалың қар жауғандықтан Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап қар аралас жаңбыр жауды, ал 25 ақпанда түнгі сағат 1-ден бастап қар жауа бастады, ауа температурасы минус 10 градусқа дейін күрт төмендеді. Сағат 9.00-де қалада 20-30 см, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 30-40 см қар жауды.

Алматының жастар ресурстары орталықтарының еріктілері қарт адамдардың үйлері маңындағы және аулаларындағы қарды тазалау акциясына шықты. Қар тазалау шарасына 30-ға жуық жас қалалықтар қатысты.

Бұдан өзге, Nur Otan партиясы Jas Otan жастар қанатының 200-ден астам белсенділері мен қалалық еріктілер ұйымдарының мүшелері коммуналдық қызметкерлерге қаланы қардан тазарту жұмыстарына көмектесіп, қолдау көрсетті. Жас отандықтар оларға ыстық шәй ұйымдастырды.

Таңнан бері  қаланы қардан тазарту жұмыстарына 1653 жол жұмысшысы, 653 техника бірлігі, оның ішінде 205 құмлақтырғыш жұмылдырылды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир