Қостанай облысында дүкенді тонамақ болған ер адам іздестіріліп жатыр
ria.ru
Облыстық полиция департаменті іс тіркеліп, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысында қарулы ер адам дүкенді тонамақшы болған. Оқиға 24 ақпанда Жітіқара ауданында орын алған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сауда нысанына медициналық бетперде тағып алған бейтаныс азамат кіріп, біраз уақыт касса маңайында тұрады. Кейін күртешесінен пышағын шығарып, бірден сатушыға қарай ұмтылады. Бірақ кассадан ақшаны ұрламақшы болған тонаушыға сатушы әйел белсенді түрде қарсылық көрсеткен. Қарапайым саудагерден мұндай батылдық күтпеген жігіт, арам пиғылын іске асыра алмай, қашып кетеді. Облыстық полиция департаменті іс тіркеліп, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жерді табиғи жолмен құрғату: ең көп су тұтынатын ағаштар
11.09.2026 03:15
11 қыркүйекке арналған валюта бағамы
11.09.2026 10:04
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
11.09.2026 09:38
10 қыркүйекке арналған валюта бағамы
10.09.2026 09:16
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
11.09.2026 11:36