Алматыда этномәдени бірлестіктер арасында спорттық жарыс өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Мақсат – ұлтаралық достықты нығайту
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда этномәдени бірлестіктер арасында спорттық жарыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған шараға қырғыз, өзбек, ұйғыр, дүнген халқының өкілдері келген. Мақсат – ұлтаралық достықты нығайту.  Жарысқа қатысушылар 18 бен 60 жас аралығындағы азаматтар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шахмат, валейбол, үстел теннисі сынды спорт түрін де қамту жоспарланған.

«Мақсат – бәсекелестік емес, чемпионды анықтау емес, бір-біріміздің достығымызды арттыру. Енді бұл үрдіс жыл сайын жалғасады деп жоспарлап отырмыз. Мынау бастамасы. Алдымызда келе жатқан балаларды қорғау күніне орай, осы ұлт өкілдерінің балалары арасында жарыс ұйымдастыру жоспарымызда бар», – деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Шайтұрсын.

Новости партнеров